×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде жылқы еті 0,6%-ға қымбаттап кетті

24.02.2024, 16:30
Елімізде жылқы еті 0,6%-ға қымбаттап кетті
Фото: mir24.tv

Қазақстанда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 80,2 мың тонна ет өндіріліп, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,1%-ға артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Energuprom.kz жазды.

Биыл қаңтарда 7,1 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндірілді, 2023 жылғы қаңтарға қарағанда бірден 39,4%-ға өскен.

Қазақстандықтар ең көп тұтынатын сиыр еті 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте жан басына шаққанда орташа есеппен 18,33 кг болды — 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ға артық.

Одан кейін жылқы еті: жан басына шаққанда орта есеппен 4,88 кг, бір жылдағы өсім — 11,7%.

Қой етін тұтыну бір жылда 4%-ға азайып, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жан басына шаққанда орта есеппен 4,02 кг болды.

Шошқа етін тұтыну 2,5%-ға төмендеді: жан басына шаққанда орташа есеппен 2,46 кг.

2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қой еті 0,1%, жылқы еті 0,6%-ға дейін қымбаттады.

Бір жылда сиыр еті бірден 8,7%-ға қымбаттады.

Еске салсақ, бүгін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, жылдық мәнде 1,2% өскенін хабарлаған болатынбыз.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.