×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы әкесін жерлеу рәсіміне қатыспайды

Бүгін, 17:50
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы әкесін жерлеу рәсіміне қатыспайды
Reuters

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи әкесі, аятолла Әли Хаменеимен қоштасу рәсіміне қатыспады. NYT дерегінше, ол ақпанда АҚШ пен Израиль соққылары кезінде алған жарақатынан әлі айығып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Рәсімге неге келмеді?

Батыс барлау қызметтеріндегі дереккөздердің айтуынша, Моджтаба Хаменеидің қазіргі жағдайы оған көпшілік алдына шығуға мүмкіндік бермейді.

The New York Times мәліметінше, Иранның жаңа жетекшісі жерлеу рәсіміне өзі келіп, жаназа дұғасын оқуды жоспарлаған. Алайда бұған Иранның қауіпсіздік қызметтері қарсы болған.

Моджтаба Хаменеидің Үндістандағы өкілі, аятолла Хаким Элахи оның көпшілік алдына шықпауына тек қауіпсіздік мәселесі себеп болғанын айтты.

Оның сөзінше, Израиль тарапынан төнген қауіп пен аңду қатері күшейген тұста жаңа жоғарғы жетекшінің рәсімге қатысуы үлкен қауіп тудыруы мүмкін еді.

Қоштасу рәсімі Тегеранда өтіп жатыр

Аятолла Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі Тегерандағы Мосалла діни кешенінде өтіп жатыр.

Иран СІМ мәліметінше, қаралы шараларға 100-ге жуық елдің өкілдері қатысып жатыр. Олардың арасында Қазақстан да бар.

Қоштасу рәсімі 4-6 шілде аралығында өтеді. Кейін мәйіт Құм қаласына жеткізіліп, қаралы шаралар Наджаф пен Кербалада жалғасады.

Жерлеу рәсімі 9 шілдеге Хаменеидің туған қаласы Мешхедте, имам Реза кесенесінде жоспарланған.

Әли Хаменеи туралы не белгілі?

Әли Хаменеи Иранды 1989 жылдан бері басқарып, 36 жылдан астам уақыт елдің басты саяси және діни жетекшісі болды.

Ол сыртқы және қорғаныс саясатын айқындап, жоғарғы бас қолбасшы қызметін атқарды және мемлекет басқаруына шешуші ықпал етті.

Аятолла 2026 жылғы 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Тегерандағы нысандарға жасаған соққысы кезінде қаза тапты.

Ол қайтыс болғаннан кейін Иранның жоғарғы жетекшісі қызметіне ұлы Моджтаба Хаменеи келді.