Астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев кейбір діндарлар астрономия ғылымын жоққа шығаратынын айтты, деп жазады Ulysmedia.kz порталы Massaget.kz порталына сілтеме жасап.
Жасыратыны жоқ, кейбір діндар "бұл астрономияны не үшін зерттейсіңдер? Бәрі Құранда жазылып қойған ғой, бәрі Алла жаратса, оның не істейсіңдер, сендердікі еріккен" деп сын айтып жатады.
"Мәселен, бұл әлемді құдіреті күшті Құдай жаратқан деп сенетін адам болады. Ол бұл әлемді және жаратылған дүниені қалай таниды? Әрине, сол жаратылған нәрсеге қарау арқылы, әлемдегі ғажайып пен құдіретті білу арқылы оны түсіну арқылы ұғынады. Барлық зат бекерден бекер болмайды, Құдай қараптан-қарап кең әлемді жаратып қоймайды ғой. Мұны түсінуге қауқарлы ақыл мен көз берген болса, аспанды неге зерттемеуіміз керек? Бәлкім осы орасан зор ғаламды зерттеу арқылы, өзін Құдайға теңеп жүрген өтірікшілерге алданбай, уақыт пен кеңістікті, ғаламды жаратқан нағыз Құдай Тағаланы табудың жолы осы ғылымда шығар?", - дейді Шүкірғалиев.