×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

ҰОК атқарушы комитетінің жаңа құрамы: Головкин кімдермен жұмыс істейді

26.02.2024, 17:31
Коллаж: ulysmedia.kz.

ҚР ҰОК Бас ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша атқару комитеті мен тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰОК атқару комитетінің жаңа құрамына кімдер енді:

  • бас хатшы – Жанар Өтешева;
  • жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент-үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин;
  • қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент – Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин;
  • жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент – спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов;
  • паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент – 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев;
  • спортшылар комиссиясының өкілі – 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова.

Ұлттық спорт федерацияларының өкілдері:

  • жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов;
  • 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин;
  • ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Гаджи Гаджиев;
  • дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев;
  • ұлттық шаңғы қауымдастығының президенті Диас Сүлейменов;
  • теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов;
  • гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова.

Тексеру комиссиясының мүшелері:

  • баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов (Төраға);
  • Qazaq kuresi вице-президенті Роллан Серіков;
  • гимнастика федерациясының бас хатшысы Раббани Әшімбеков.

Еске сала кетейік, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып келді. Бұған дейін ол қызметті бизнесмен Тимур Құлыбаев атқарған. 

Геннадий Головкин комитет басшылығына не үшін басшы болуға келіскенін айтып берді.

Головкин туралы аз-кем ақпарат

Қарағандының криминалдық ауданы Майқұдықтан шыққан боксшы Геннадий Головкиннің есімі 2006 жылдан бері кәсіби бокста танымал. 

Қазақстандық боксшының кәсіби лигадағы мансабы мақтаулы. Головкин өзінің жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қуатты және техникалық панчер және нокаут ретінде танымал. Ол 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызына дейін 9 жыл қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақ тарихындағы нокауттардың ең жоғары пайызы үшін енді. 2020 жылғы жағдай бойынша 21 рет қорғап, орта салмақтағы чемпиондық титулды қорғаудың жалпы саны бойынша рекордты жаңартты.

Бүгінде Геннадий Головкин барлық белбеуінен айырылған. Әлем чемпионы емес. Алайда әлемнің түкпір-түкпірінде бокспен айналысам деген жастарға үлгі бола білген адам.

Серіктес жаңалықтары