Талибанға шақырту президент көмекшісінің атынан жеткізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Сыртқы істер министрлігі тәліптердің Астана халықаралық форумына шақырылғанын хабарлады.
Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев Президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыханның атынан Талибан сауда министрінің міндетін атқарушы Нуреддин Азизиге шақыруды табыс етті, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі «Талибан» әлі де террористік ұйым екенін мәлімдеген болатын. Тамыз айының басында Астанада Қазақстан-Ауған бизнес форумы өтті. Форум барысында Қазақстанда ауған сауда үйін ашу ұсынылды.
Талибан
2021 жылдың жазында Ауғанстандағы жағдай тез өзгере бастады. Америка Құрама Штаттары әскери күштерін толығымен шығаратынын жариялады, содан кейін Талибан билікті басып алды. Олар ресми үкімет құрып, елді басқара бастады.
Талибан 1994 жылы құрылған. Оған көптеген елде тыйым салынған. 2021 жылдың жазындағы оқиғалардан кейін тәліптер ел астанасы Кабулды басып алып, Ауғанстанды толық бақылауға алғанын жариялады.
Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастағанын мәлімдеген болатын.