×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астанаға Ауғанстан делегациясы келді

02.08.2023, 09:14
фото: ҚР үкіметі

Елордаға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Делегация құрамында Ауғанстанның Орталық банкінің басшылары, ірі жеке меншік банктердің, «Да Афганистан Брешна Шеркат» (DABS) энергетикалық компаниясының, «Афган телеком» (AfTel) телекомуникациялық компаниясының, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығы палатасының, сауда-инвестициялық палатасының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, фармацевтика, өнеркәсіп, көлік-логистика, инженерлік, тоқыма және басқа компаниялардың өкілдері бар.

2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтеді.

3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды, ал 4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ауған тауарларының көрмесі (EXPO, Конгресс-орталық) ашылады. Көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауарлар ұсынылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш Ауғанстанның Қазақстан үшін қандай қауіп төндіретінін, оны қалай болдырмауға болатынын және біздің еліміз неге тәліптермен ынтымақтасуды жөн көргенін түсіндірген.

Вице-министрдің сөзінше, Талибан –  террористік ұйым емес .

- Егер бұл мәселені халықаралық құқық тұрғысынан қарастыратын болсақ, Талибан террористік ұйым емес. Егер санкция режимінің ережесін негізге алсақ, БҰҰ Қауіпсіздік орталығының санкциялар тізімінде осы қозғалыспен аффилиирленген 135 мүше мен тұлға барын айта аламын, бұл ретте ұйымның өзі бұл тізімге енбеген.

Талибан – әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда тыйым салынған радикалды діни-саяси әскерилендірілген қозғалыс. Талибан Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін басқарды. 2021 жылы американдық әскерлер Ауғанстаннан шықты, кейінірек ұйым шабуылға шығып, мемлекетті өз қолына алды.

Серіктес жаңалықтары