×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қасымбек Астанаға блок-бекет орнатуды ұсынған депутаттың ұсынысына жауап берді

27.02.2024, 16:07
Коллаж: ulysmedia.kz.

"Астана бәрімізге ортақ" дейді Жеңіс Қасымбек. Депутаттың бұл ұсынысы қоғамда резонанс туғызған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бір ай бұрын Астана қаласының мәслихат депутаты Азамат Айтқожин ретсіз көші-қонды тоқтату үшін Астанаға бақылау-өткізу бекеттерін орнатуды ұсынған еді. Елорда депутаты Астанаға кез келген адам келгеніне алаңдап, тезірек блокбекет орнатуды талап еткен. Оның бұл ұсынысы қызу талқыға түсіп, депутатты қатаң сынаған еді.

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбектен журналистер депутаттың сөзі жайлы пікірін сұраған.

– Әр азамат қайда тұрса да өзі шешеді. Астана бәрімізге ортақ. Ешқандай шектеу жоқ, – деді Қасымбек үкіметтің баспасөз орталығында.

Серіктес жаңалықтары