×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Америкалық журналистер Семей полигоны жайлы фильм түсірді

29.02.2024, 08:15
Yes Theory

Америкалық журналистер Yes Theory жобасы шеңберінде Қазақстанда өткен ғасырда болған ядролық сынақтар жайлы деректі фильм түсіріп, youtube-арнада жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бүкіл картадан жойылған, Жердегі ең ядролық орындағы 50 сағат” деп аталатын деректі фильмді үш күннің ішінде 1 миллионнан астам адам қараған. Фильм Қазақстан тарихындағы ядролық сынақтар кезеңін сипаттайды.

Америкалық журналистер Кеңес одағының АҚШ-пен қарулы сайыс кезіндегі 465 ядролық және сутегі бомбаларын жасап, сынап, жарып жіберген жерге барған. Жергілікті тұрғындар эксперименттер туралы білмегенін, бірақ кейінірек оның салдарымен бетпе-бет келгенін айтады. Түсірілім тобы осы уақытқа дейін сақталған радиоактивті көлдер мен бункерлерді көрсетеді.

Журналистер тобы жарылыстарға куә болған адамдармен сөйлеседі. Олардың кейбірі ешқашан камерада сөйлемеген.

Серіктес жаңалықтары