×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жалпы несиелері 6 млрд теңге: әскердегі сарбаздардың қарызы өсіп кетті

01.03.2024, 15:38
Жалпы несиелері 6 млрд теңге: әскердегі сарбаздардың қарызы өсіп кетті
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның әскерилері екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына 6 миллиард теңгеден астам қарыз болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар басқармасының бастығы Фархат Айдарбаев мерзімді әскери қызмет сарбаздарының арасында несие бойынша 14 500-ден астам борышкер бар екенін айтады. Олардың қарызының жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрайды.

Яғни, әр сарбаздың кемі 400 мың теңгеден астам берешегі бар.

– Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге кредиттік демалыс беру бойынша іс-шаралар іске асырылды.

Қарулы күштерде және басқа да әскери құралымдарда 14 500 әскери қызметшінің банктерде және микроқаржы ұйымдарында 6 млрд теңге сомаға кредиті бар, - деді ол брифингте.

Айдарбаев бүгінгі таңда төлемдер бойынша 2 млрд теңгеден астам қарызына байланысты 6 мыңнан астам әскери қызметшінің әскери борышы кейінге қалдырылғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін депутат Айгүл Құспан біздің армия өзінің қорғаныс позициясын жоғалтып жатқанын және басқа елдермен салыстырғанда қаржыландыру бойынша ең төмен көрсеткішке ие екенін мәлім еткен еді.