×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобының мүшелері бойынша істі тергеу аяқталды

01.03.2024, 17:27
Коллаж: ulysmedia.kz.

Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобының мүшелері бойынша іс сотқа жолданғалы жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Іс аяқталды. Қазір олар ісімен танысып жатыр. Іспен танысып болғаннан кейін сотқа жолданады, – деді  қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәжіліс кулуарында. 

Еске сала кетейік, былтыр Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілген еді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, аталған адамдарды бұған дейін Қазақстан Республикасы қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздестіруге жариялаған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша, оның мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан. 

Серіктес жаңалықтары