Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 29 ақпанда сағат он екіге (00.00) дейін 803 сәби өмір есігін ашқан, деп жазады Ulysmedia.kz.
Олардың ішінде екі егіз бар екен. Сәбилердің 392-і ұл, 411-і қыз.
Тәуліктік туу бойынша көшбасшы Түркістан облысы болды. Онда 118 бала дүниеге келген. Содан кейін Алматы қаласы – 81 нәресте және республика астанасында 79 сәби өмірге келді.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін 2023 жылы қандай есімдер "трендте" болғанын жазған едік.