Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кремльдің баспасөз қызметі екі елдің президенттері сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аудара отырып, екіжақты күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді талқылағанын хабарлады.
"Ресей мен Қазақстанның одақтастығы мен стратегиялық әріптестігі қатынастарын жан-жақты нығайтуға деген өзара көзқарас расталды", - делінген хабарламада.
Тоқаев Ресей президентінің федералды жиналысқа Жолдауының мазмұнды және бағдарламалық сипатын ерекше атап өтті.