Танымал әнші Ақбота Керімбекова қазаққа ештеңе жақпайтынын айтып қынжылды. Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп жазады Ulysmedia.kz.
"Қазақ қазаққа қай уақытта жағамыз? Тілдеуге, жүндеуге келгенде ділмар-шешенбіз. Өзімізде жоқ ақылды айтуға көсембіз. Қай-қайсымыз, не істесек те жақпаймыз. Алланың жер бетіндегі өмірі әйтеуір бір сынақ екенін бәріміз білеміз. Бірақ ешнәрсе жақпайды, неге? Бәріміздің баратын жеріміз бір екені ақиқат. Жақсы сөз айтуға неге қиналамыз, қазағым-ау? Жалпы, әлеуметтік желіні қарап, жүрегім ауырып, жазып отырмын… Ниетімізді, пейілімізді жөндесек, апат та, қиыншылық та болмас па еді деген ойым ғана”, – деді әнші.
Ол атақ, даңқ, дүние, мансап шетсіз-шексіз болып көрінгенімен, баяны, мәні жоқ ұғым екенін айтты. “Қолға ұстаса, суып түсе салатын құм секілді. Ойымша, шүкір етпегенге өмір де күліп қарай қоймас", дейді ол.