×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Патырлатып бала таба беруді қойыңдаршы»: психологтың «ақылы» желіде қызу талқыланды

04.03.2024, 08:54
«Патырлатып бала таба беруді қойыңдаршы»: психологтың «ақылы» желіде қызу талқыланды
Фото: Ашық дереккөзден

Блогер Роза Әшірбаеваның көпбалалы аналар жайлы ойы жұрттың пікірін екіге жарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Психолог өз сөзінде баланы көп таба бермеуге шақырады.

– Сосын ше, патырлатып туа беруді қойыңдаршы. Сенің байың бір күн болмаса, бір күні тоқал алам десе, кетем десе, алимент төлемейді. Қай жақтарыңа қарап туасыңдар. Соған таңғалам. Бұл не? Бәрін қалай тауып жатырсыңдар? Еркегіңе сенесің бе, точно? Ешқайда кетіп қалмай ма? Әйелдерін өлтіріп тастап та жатыр. Байың тастап кетсе… 22 млрд теңге қарыз алиментщиктер! Қаншама бала алимент төлемейді. Әйел соншама баланы қалай асырайды? Кедейлік қой бұл, – дейді психолог.

Парламентте бұған дейін мемлекеттік алимент қорын құру туралы тағы да сөз болды. Шындығында, бұл идея 2017 жылдан бері талқыланып келеді. Депутаттар төленбейтін алимент ауыртпалығының жылдан-жылға артып келе жатқаны туралы статистиканы келтіріп, баласы үшін материалдық жауапкершілікті жалғыз өзі көтеруге мәжбүр болған аналарға жанашырлық танытуға шақырады. Алайда нәтиже жоқ.  

Мәселе өткір болғанымен, айтылып келе жатқан құрғақ сөз жалғызбасты аналарды әбден титықтатқанын Ulysmedia.kz жазған болатын.