×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

+15 градусқа дейін жылиды: Қазгидромет алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады

04.03.2024, 19:20
+15 градусқа дейін жылиды: Қазгидромет алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады
Фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар болжанады.

7 наурызда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, жаңбыр мен қар, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, тек еліміздің шығыс аймақтарын қоспағандаға болжам осындай. Қазақстан бойынша тұман күтіледі.

Термометр бағаны 7 наурызда күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 дейін болса, оңтүстікте 5-15 градусқа дейін жылиды.