×
$
450.79
524.13
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.79
524.13
5.31

Демалыс күндері елдің кей өңірінде күн күрт суытады

Бүгін, 13:05
Демалыс күндері елдің кей өңірінде күн күрт суытады
Pixabay.com

Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, күн суытады. Ал оңтүстікте әзірге жылы ауа райы сақталады. Батыс өңірлерде ауа райы біртіндеп жақсарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Қай өңірлерде күн суытады

Жылы әрі құрғақ күндерден кейін солтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерге ұласады. Найзағай ойнап, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы +13…+20°С-қа дейін төмендейді.

Орталықта күндіз +15…+25°С жылы болады.

Қай өңірлерде ауа райы жақсарады

Батыс өңірлерде ауа райы тұрақтала бастайды. Жаңбыр тоқтап, ауа температурасы +20…+30°С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстікте жылы ауа райы сақталады.

Контекст

Бұған дейін 11 қыркүйекте Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлеріне циклон әсері сезіле бастағаны хабарланған еді. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы +13…+23°С-қа дейін төмендеді.