×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

05.03.2024, 17:36
Фото: ашық дереккөз

Наурыз мерекесі және мейрам алдындағы күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар санының ұлғаюына байланысты қосымша пойыздар мен вагондарды қосады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі қосымша үш пойыз екі бағытта жүретінін мәлімдеді:

 «Астана-Алматы-1» бағыты бойынша № 201/202 пойызы, 4 рейс;

«Астана-Шымкент» бағыты бойынша № 203/204 пойызы, 3 рейс;

«Ақтөбе-Шымкент» бағыты бойынша № 205/206 пойызы, 2 рейс.

Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.

Пойызд қозғалысының кестесі бойынша толық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша, «KTZH_PP_BOT» телеграм-боты арқылы алуға болады, сондай-ақ @jolaushylar_tasymaly ұлттық тасымалдаушысының парақшасынан танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары