×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

"Жаңа Қазақстан" идеясына соққы болмай ма - Бапи Сәрсенбайұлының ұсталуы жайлы

09.03.2024, 12:57
Ашық дереккөзден

Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ол өзінің Фейсбук парақшасында Рысбек Сәрсенбайұлының хабарласқанын жазды.

“Рысбек ағаның өзі де маған хабарласты. "Қан қысымым 200-дің үстіне шықты" дейді. Баспасөз конференциясы" деген атаумен өтетін жиынға ары кеткенде 20-30 адам жиналар еді, бұдан қирап, жанып, өртеніп кетер ештеңе болмас еді. Елді еліктіру қажет пе еді?

Ал енді мынау жағымсыз жағдаяттан кейін желі біткен жарылып, болмаған жиынның эффектісі еселеніп кетпей ме?! Осындай әпербақан әрекет түптеп келгенде "Жаңа Қазақстан" идеясына соққы болмай ма?! Ақыр соңы, тостағанда толқын тудыру кімге қажет?! – деді депутат.

Бапи өз жазбасында күштік құрылым өкілдерінің берген жауабын да келтіріпті.

 – "Елдегі мереке күндеріне байланысты полиция "усиленный режим" жағдайында қызмет ететіні ел-жұртқа алдын ала ескертілген. Талап баршаға ортақ, алаңға демалуға баратын халықтың жағдайын да ескеруіміз керек. Бұл жиынды мереке күндерінен кейін де өткізуге болар еді ғой. Ешкім Сәрсенбайұлын қамауға алмайды, "беседа" жүргізіледі - болды" дейді.

Қалай болғанда да, жасы 70-тен асқан азаматты босату керек. Мереке күндерінің шырқын күштік құрылымдар да, қоғамшылдар да бұзбауы тиіс! – деді Е.Бапи.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматыда белсенді Рысбек Сәрсенбайұлының ұсталғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары