×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Мусинді кеше сынағандар бүгін неге жақтап жатыр

29.10.2021, 13:11
Фото: Ашық дереккөзден

Министрді кеше сынап жүргендер неге бүгін жақтап шыға келді? Мусин белсенділерге ақша төледі ме?

«Цифрлық үкімет» жобасына қатысты Сбермен жасалған меморандум әлі күнге дейін талқыланып жатыр. Таяуда ғана цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бір топ белсендіні жинап, цифрлық трансформацияның қыр-сырын түсіндіргені туралы ақпарат тараған еді. Сол жиынға қатысқан белсенділердің кейбірі Мусинді қолдап, жаза бастаған.

Бұл кездесудің мән-жайы орталық коммуникациялар алаңының бүгінгі отырысында сөз болды. 31 арнаның журналисі Айбар Жақсыбаев осы туралы министрге сұрақ қойды.

«5 күн бұрын сіз еркін форматта бір топ белсендіні, оның ішінде Серік Абас-шах, Мұхтар Тайжан, Ербол Мәндібектерді жинап, жиын өткіздіңіз. Сол жиыннан кейін Асқар Маминді, сізді ашық сынап жүрген Ербол Мәндібек пікірін өзгертіп, сізді қолдады. Қоғамда, азаматтардан, журналистерден одан да көп сұрақ туындап кетті. Бұл жиын қалай өтті? Сол құрамды кім таңдады? Ақылы болды ма? Келген адамдарға ақы төленді ме?» - деді журналист.

Бұл сұраққа Бағдат Мусин жауап беріп, ешкімге ақша төлемегенін, ол мақсатта бюджетте ақша қарастырылмағанын айтты.

«Ешкімге сол үшін қаражат төленген жоқ, ешқандай сыйақы берілген емес. Ол бір. Екіншіден, оларды қалай, кім шақырды десеңіз, өзім бұрыннан араласып жүрген Мұхтар Тайжанды (ұлттық кеңестен бері таныс), Мұрат Әбеновтерге өзім жазып, кездесейік дедім. Қалғанын менің баспасөз қызметіндегі әріптестерім шақырды. Көп наразылық бірдірген адамдарды ішінен таңдап, маған ұсынды. Мен олардың көбін сол жиынға келгенде ғана көрдім. Маған белгісіз болды. Бір мәселе ғана бар – платформалық алаңға көшу бәрін қазақ және орыс тілінде талқылап, ұсындық. Бірақ толығымен қолдай ма немесе қолдамай ма – білмеймін. Әркімнің өз еркі. Мұндай сұрақ дұрыс емес», - деді Бағдат Мусин.

Журналист тарапынан «Кері шегінерге жол жоқ – Сбермен келісімге келетін болдық па? Қоғам тарапынан наразылық көбейсе, не істейсіз? Келісім бекімей қалуы мүмкін бе?» деп қайтара сұрақ қойды.

«Бұл – техникалық сұрақ. Оны осыншама деңгейге көтеру, шу шығару дұрыс емес. Техникалық сұрақты техникалық тұрғыда қарау керек. Халық қайдан біледі. Халық білмейді, дұрыс па?» - деп қайтара сұрақпен жауап берді министр.

Тілші тарапынан түсіндіру жұмыстары нашар болып кеткені сөз болды. Шынында да, меморандум мәтінінің өзі екі аптадан кейін ғана жарияланғаны белгілі. Білім және ғылым министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ерболат Мұхаметжановтың министрді бірнеше рет сұраққа жауап беруге шақырғаны тағы бар. Ал ол аталмыш жиынға шақырылмаған. Мусинге «Министр ретінде орныңыздан кетіңіз» деген де талаптың қойылғаны белгілі.

«Сынды қабылдаймын. Мен ол жиында да айттым. Меморандумның көпшілік талқылауына шығарылмағанын мойындаймын. Үкімет қаулысы тек менің қолымда емес. Келешекте біздің министрлікке жататын қаулылар мен бұйрықтарды талқылаудан өткізетін боламыз. Мен оған кепілдік беремін», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары