×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Газа секторындағылар гуманитарлық көмекке зәру

09.03.2024, 18:31
Газа секторындағылар гуманитарлық көмекке зәру
Коллаж Ulysmedia

8 наурыз, жұма күні АҚШ, Иордания, Мысыр, Франция, Нидерланд және Бельгия Газа секторына әуе арқылы гуманитарлық көмек тастады. Қаншама тұрғын азық-түлікпен қамтамасыз етілгенімен, гуманитарлық көмек кезінде бес адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп жазады Ulysmedia.kz.  

Бұл туралы ХАМАС бақылауындағы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі мен оқиға куәгеріне сілтеме жасап CBS News арнасы хабарлады.

АҚШ пен Иордания жазатайым оқиғаға жауапкершілікті жоққа шығарады.

АҚШ қорғаныс ведомствосы өкілінің CBS-ке баяндағанындай, алғашқы талдау қорытындылар американдық ұшақтың жердегі өлімге жауапты емес екенін көрсетті, бірақ тергеуді жалғастыру қажет.

Оның айтуынша, әскерилер гуманитарлық жүк салынған барлық жәшіктердің штаттық режимде түсірілгені туралы растау алған. 

Иордания билігі де оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты. Елдің мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ұшақтардың ешқайсысында техникалық ақау болған жоқ.

Бейсенбі, 7 наурызда АҚШ президенті Джо Байден халыққа үндеуінде Газа секторында гуманитарлық жүктерді жеткізу үшін уақытша порт салынатынын хабарлады. 

Израиль СІМ баспасөз хатшысы Лиор Хаят ел бұл жоспарды құптайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл жоспар «Израиль стандарттарына сәйкес қауіпсіздік тексерулері жүргізілгеннен кейін Газа секторына гуманитарлық көмекті арттыруға мүмкіндік беретінін» айтты.