Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп жазады Ulysmedia.kz.
«Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады», — деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.
Естеріңізге салсақ, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 417,4 миллион долларға жетті.