×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Семей көшелерін су алып кетті

11.03.2024, 09:22
Фото: Скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігі Семей қаласындағы жағдай туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Семей қаласында сыртқы ауа температурасының көтерілуіне және қардың мол еруіне байланысты қаланың 4 аула аумағы мен 5 көшесі су астында қалған.

– Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың өтінімі бойынша "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды. Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Қосымша Садовая көшесіндегі арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды, – деп хабарлайды министрлік.

Қазір қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалған. Жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар, Абай облысы ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылған. Еріген суды сорғымен тарту жұмыстары аяқталған. Қазір қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары