×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Назарбаеваның компаниясы Астанада әлі қоқыс шығара ма – министр әкімнің сөзін жоққа шығарды

12.03.2024, 12:12
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев экс-президенттің қызы Әлия Назарбаевның компаниясы әлі де Астанада қоқыс шығарумен айналыса ма деген сұраққа жауап берді. Бұған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Назарбаеваның компаниясы әлі де жұмыс атқарып жатқанын мәлім еткен еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бұл біздің құзырымыздағы мәселе емес. Жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Мен бұрын берген ақпаратқа байланысты түсініктеме берер болсам, мендегі ақпарат басқа: қазіргі таңда Әлия Назарбаеваның ол компанияға қатысы жоқ деген мәлімет келді, – деді Ерлан Нысанбаев.

“Сізге бұл ақпаратты кім берді” деген сұраққа Нысанбаев “менің бағынышты қызметкерлерім, бірақ істің мән-жайын анықтау керек” деді министр.

Қасымбек не деді?

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектен Әлия Назарбаеваның компаниясы елордадан қоқысты әлі де шығарып жатыр ма деген сұрақ қойылған болатын,

– Биыл бұл компаниямен келісімшарт аяқталады. Ол бүгін де бүкіл қалада жұмыс істейді. Онымен келісім 5-6 жыл бұрын жасалған шығар. Осы жылдан бастап сәуір айының басында конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз. Қаланы бес ауданға бөлеміз. Қала екі есе өсті, сәйкесінше тұрғындар саныда артты, – деді ол.

Әкім қазір қаланы тазалауға 150-160 машина қажет екенін айтады. Оның сөзінше, Астанада қоқыс шығару бойынша 3-4 компания жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева ҚТЖ билеттерін сату және Астанада қоқыс шығару бойынша бизнестен кеткені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары