×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Zaimer.kz базасында жеке деректері тарап кеткен 1500-ге жуық азамат шағым түсірді

12.03.2024, 17:17
Фото: ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәссібі министрлігі ведомствоға азаматтардан 1400-ден астам шағым түскенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ 2024 жылғы 5 наурызда қазақстандықтардың, яғни zaimer.kz («Робокеш.кз» «МҚҰ» ЖШС) микроқаржы ұйымы клиенттерінің дербес деректерінің таралып кетуін анықтады. 2 миллионнан астам адамның жеке деректерінің құпиялылығы бұзылды.

Жалпы, Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн астам дерегі анықталды (РФ - 23,6 млн (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru – 6.8 млн.); Филиппин – 5 млн (digido.ph); Вьетнам - 2 млн (vietloan.vn).

ЦДИАӨМ анықталған оқиғалар аясында және дербес деректерді қорғау саласындағы өз құзыреті шеңберінде жедел әрекет етті. Egov Mobile мобильді қосымшасын пайдалана отырып, азаматтарды хабардар ету және осы деректердің таралып кетуімен байланысты ықтимал тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар беру жүргізілді.

7 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін ЦДИАӨМ-нің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне азаматтардан 1400-ден астам шағым мен өтініш келіп түсті. Комитет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабына сәйкес бұзушылық фактілері бойынша мұқият тексерулер жүргізеді. Бұзушылықтар расталған кезде, әкімшілік айыппұлдарды қоса алғанда, тиісті шаралар қабылданады. Бұдан бөлек, ықтимал қылмыстық құқық бұзушылықтарды көрсететін материалдар анықталған жағдайда, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті оларды одан әрі тексеру үшін Ішкі істер министрлігіне береді, - делінген хабарламада.

Деректердің таралып кетуінен материалдық залал фактілері кездескен жағдайда, азаматтар өз құқықтарын қорғау және келтірілген залалды өтеу үшін Ішкі істер министрлігіне немесе сотқа өз бетінше жүгіне алады.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректері таралуы мүмкін барлық азаматтарды өздерінің құпия ақпараттарын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға және құзыретті органдар ұсынған ұсыныстарды орындауға шақырады.

Бұған дейін министрлік жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары