×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Биылдан бастап Наурыз мейрамы жаңаша тойланады

13.03.2024, 17:40
Фото: Google

Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев биылдан бастап Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта аталып өтетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ ол Наурыз мейрамы Мемлекет басшысының ұсынысымен жаңаша тойланатынын еске салды.

Мереке 10 күн – 14-23 наурыз аралығында өтеді, бұл кезең Наурызнам деп аталады. Бірыңғай логотип бекітіліп, барлық өңірлерге жіберілді, - деді Сәбит Барлыбаев.

Ол Наурыз мерекесін тойлау бағдарламасымен де бөлісті:

14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі ретінде тойланады. Ол еліміздің батыс аймақтарында сақталып, енді барлық облыстарда тойлану ұсынылып отыр.

  • 15 наурыз – Мейірімділік күні қайырымдылыққа, мейірімділікке, тату көршілікке арналады.
  • 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні мәдениетімізді, өнерімізді және ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады.
  • 17 наурыз – Шаңырақ күні – отбасылық құндылықтарымызды, үлгілі отбасыларды дәріптеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне арналған мәдени шаралар ұйымдастырылады.
  • 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Наурыз мейрамының онкүндігінде еліміздің барлық аймақтарында ұлттық киімімізді дәріптеуге бағытталған түрлі шаралар өтеді.
  • 19 наурыз – Жаңару күні – көктемгі ағаш отырғызу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
  • 20 наурыз – Ұлттық спорт күні – еліміздің барлық аймақтарында ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.
  • 21 наурыз – Ынтымақтастық күні. Бұл күннің идеясы – жалпы адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, татулық пен бірлікке ықпал ету.
  • 22 наурыз – Жаңа жыл. Бұл күні еліміздің барлық аймақтарында ұлттық мәдени-спорттық шаралар өтіп, этноауылдарда, түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.

Жаңа жылдың символы Наурыз мейрамының соңғы күні 23 наурыз – Тазару күні болып жарияланады. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

Сонымен қатар, 14-23 наурыз аралығында «Наурыз – базарлық» маусымы жарияланады. Бұл күндері сауда нүктелерінде жаппай сатылым, сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары