×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салынады

15.03.2024, 10:16
Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салынады
Фото: egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан аумағына бидайды автомобиль, су және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоба Қазақстанға үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай импортына 6 ай мерзімге тыйым салуды көздейді. Алайда бидайды темір жол арқылы құс және ұн фабрикаларына тек өндіру және тұтыну үшін әкелуге рұқсат етіледі. Бұл ретте құс және ұн тарту кәсіпорындарына әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықта сатылымға жатпайды.

Сондай-ақ тыйым салу Қазақстан аумағынан тыс жерде басталатын және аяқталатын теміржол транзиттік тасымалы аясында Қазақстанға әкелінетін бидайға қолданылмайды.

Түсіндірме хатта 12 наурызда Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, оның барысында аталған көлік түрлерімен бидай импортына тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданғаны айтылған.

Әзірлеушілер ішкі қазақстандық нарықта азық-түлік пен жемдік астықтың жеткілікті қоры бар деп түсіндіреді. Мәселен, 2023 жылы 12,1 млн тонна бидай жиналды. Өңдеу және экспортқа жөнелту көлемдерін ескере отырып, ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша астық қоры 11,5 млн тоннаны құрайды. Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясы 350 мың тонна жемдік астықты тікелей сатып алуды жүзеге асырды, – делінген хабарламада.

Бұл ретте Қазақстан Ресейден қосымша астық алады, бұл ішкі нарықта сұраныстың төмендеуіне және бағаның төмендеуіне әкеліп соғады. Мәселен, ҚТЖ мәліметінше, биыл қаңтар айында Ресей Федерациясынан теміржол арқылы 174 мың тонна бидай импортталған, бұл 2022 жылғы деңгейден (127,8 мың тонна) 35 пайызға артық. Жазғы навигация кезеңінде су көлігімен 29 мың тонна бидай импортталды, бұл ішкі нарықтағы ресейлік бидай көлемін арттырады.

Импорттың артуы сапасыз бидайды өткізу мәселесін одан әрі қиындатады. Астық өткізу нарығының болмауы отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайының нашарлауына алып келеді, бұл 2024 жылғы егіс науқанының үзілуіне әкелуі мүмкін.

Жоба 2024 жылдың 26 ​​наурызына дейін Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.