×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Оңтүстік Корея карантиндік шектеулерді жеңілдетті

29.10.2021, 22:28
Фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Корея үкіметі кафе-барлардың жұмыс уақытына қатысты шектеу шараларын түгел алып тастады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, кафе-барларға келушілер санына қатысты ережелер ғана күшінде қалды. Қазір Оңтүстік Кореяда вакцина төлқұжаты енгізіліп жатыр. Ел азаматтары енді фитнес залдарға, сауна мен барға кіру үшін осы құжатты ұсынулары қажет. Немесе теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын көрсетуі тиіс.

«Қарашаның бірінен бастап қалыпты өмірге оралуға тағы бір қадам жақындай түседі. Бірақ бұл індет аяқталды дегенді білдірмейді», - дейді Оңтүстік Корея премьер-министрі Гим Бу Гём.

Оңтүстік Корея билігі ақпан айына дейін елдегі барлық шектеу шараларын алып тастауды жоспарлап отыр. Азаматтар екпе алмағанына қарамастан, ел астанасында 10 адамнан аспайтын топ болып жинала алады. Ал өзге өңірлерде топтағы адамдар саны 12-ден аспау керек. 
 

Серіктес жаңалықтары