×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Тоқаев Оңтүстік Корея президентін құттықтады

Бүгін, 12:20
Тоқаев Оңтүстік Корея президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёңді құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент корей халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын айтулы күннің маңызына айрықша тоқталып, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өткен.

"Жақында Сеулге жасаған сапар барысында екіжақты қарым-қатынасымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Бұл шешім достық пен берік әріптестікке негізделген қазақ-корей ықпалдастығын халықтарымыздың игілігі үшін өрістете беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас корей халқына баянды өркендеу мен құт-береке тіледі.

3 қазанда Оңтүстік Кореяда қандай мереке аталып өтеді?

3 қазанда Оңтүстік Кореяда Кэчхончжоль (Gaecheonjeol) – Кореяның ұлттық негізі қаланған күн аталып өтеді. Мерекенің атауы «Аспан ашылған күн» деген мағынаны білдіреді.

Бұл күн б.з.д. 2333 жылы алғашқы корей мемлекеті – Кочосонның құрылуы туралы аңызбен байланысты. Ежелгі аңыз бойынша, мемлекеттің негізін Тангун Вангом қалаған.

Корей халқы үшін бұл мереке елдің сан ғасырлық тарихын, ортақ мәдени тамыры мен ұлттық бірлігін айшықтайтын маңызды күн саналады.