×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Суицидке апарады – заңгер зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларды жабуға шақырды

15.03.2024, 15:11
Суицидке апарады – заңгер зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларды жабуға шақырды
Фото: Ашық дереккөзден

Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтіп жатыр. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев және құрылтай мүшелері қатысуда. Отырыста сөз сөйлеген заңгер Айман Омарова масс-медиада зорлық-зомбылық насихатталып жатыр деп дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Жиында адвокат Айман Омарова бұқаралық ақпарат құралдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдар мен бағдарламаларрды жабуға шақырды.

– Балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа қатысты көптеген резонансты істерде БАҚ өкілдері бізден бұрын қимылдайтын кездер аз емес. Ал ол ақпараттар жәбірленушілердің психологиялық күйзелісіне алып келеді. Тіпті кейбірде ар-намысты алға тартып, өз-өзіне қол салуы мүмкін. Осыған байланысты мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларды тыйып, оларды көрсетпеуді сұраймын. Керісінше, халықтың пайдасына арналған заңдарды насихаттап, көрерменнің құқықтық сауаттылығын арттыруымыз керек, – дейді ол.

Бұған дейін алғашқы екі құрылтай Ұлытау мен Түркістанда өткен еді.