×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қырғызстан ағаш экспортына уақытша тыйым салды

16.03.2024, 10:32
Ашық дереккөзден

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Қырғызстаннан ағаш пен ағаш материалдарын ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары аймаққа шығаруға уақытша тыйым салуды енгізу туралы қаулыға қол қойды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қырғыз Республикасының экономика және сауда министрлігіне Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен уақытша тыйымның енгізілгені туралы хабардар ету тапсырылды.

«Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулы күшіне енген күннен бастап үш күннен кешіктірмей Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетін жоғарыда аталған уақытша тыйымның енгізілгені туралы хабардар етсін.

Мемлекеттік кеден қызметі мен Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тауарларды заңсыз әкетудің жолын кесуге бағытталған қажетті шараларды қабылдасын», - делінген құжатта.

Серіктес жаңалықтары