×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Газа секторындағы ауызашар: соғыс қашан тоқтайды

16.03.2024, 13:16
Газа секторындағы ауызашар: соғыс қашан тоқтайды
Ашық дереккөзден

Газа секторында екі миллионға жуық адам соғыстың аяқталғанын күтіп жүр. Мұндағы мұсылмандар Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, соғыстың аяқталуын дұға етуде, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Газадағы 2 миллион 200 мың тұрғын өмірге қауіп, аштық және індет жағдайында Рамазан айын қарсы алды. Үкімет тарапынан көшелерді безендіру биыл мүлде қолға алынған жоқ. Тек кейбір мұсылмандар тұрып жатқан шатырын әлі жеткенше безендірген.

“Биыл Рамазан айын қарсы алу бойынша ешқандай ресми рәсімдер жасалып жатқан жоқ. Қазір біз соғыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Көптеген жақындарымыздан айырылдық. Көңіліміз құлазып жүр”, – дейді жергілік тұрғын Имам Хинди.

Қасиетті айды сезіне алмай отырған елдің бірі – Оңтүстік Судан. Мұнда 25 миллион адам басымен қайғы болып жүр. 8 миллионы босқынға айналған. Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы тым құрығанда Рамазан айында атысты тоқтатуға және ораза ұстағандарға мүмкіндік беруге шақырған болатын.

- Судандағы 2 әскери топтың арасындағы қақтығысқа жақында 1 жыл толады. Қасиетті Рамазан айына деген құрметпен барлық тарапты атысты тоқтатуға үндеймін. Рамазан құндылықтары салтанат құруға тиіс. 18 миллион судандық онсыз да аштан өлгелі жүр, – деген еді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Еурокеңес басшысы Газа тұрғындарына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.