×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда полицейлер азаптау ісі бойынша сотталды

18.03.2024, 18:56
Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда полицейлер азаптау ісі бойынша сотталды
Коллаж: Ulysmedia

Бүгін Талдықорған соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде азаптау (Қылмыстық кодекстің 146-бабы) бойынша айыпталған бұрынғы төрт полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Сот үкімі

Прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5 қаңтардан 16 қаңтарға дейінгі аралықта Алматы облыстық Полиция департаментінің ғимаратында «кінәлілер физикалық күш көрсетумен қоса тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағанын» дәлелдеді.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан жеті жәбірленушінің денсаулығына әртүрлі дәрежедегі жарақаттар келтірілген.

Сот үкімімен үш айыпталушы 4 жылдан 6 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, олардың біреуіне бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды.

Сонымен қатар сот оларды арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.