×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Павлодарда әкімнің ұлы қыз баланың мұрнын сындырды: министрлік растады

19.03.2024, 13:19
Fotolia

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Павлодардағы аудан әкімдерінің бірінің ұлы мектепте 7-ші сынып оқушысын ұрғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұған дейін зардап шеккен қыздың анасы қоғам өкілдеріне жүгінген. Татьяна деп өзін таныстырған әйел аудан әкімінің ұлы алтыншы сынып оқушысы 7-ші сыныпта оқитын қызын ұрып-соғып, мұрнын сындырғанын айтқан.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, шенеунік нақты не болғанын айтып берді.

– Иә, шынымен де осындай факт болды. Мен барлығына айтқым келеді, әлеуметтік желілерде пайда болған әрбір жағдай бойынша біз мұқият тексеріс жүргізіп, мемлекеттік органдарға хабарлаймыз.

Әрбір жағдай анықталған кезде біз құқық қорғау органдарына хабарлаймыз. Туыстық байланысқа қатысты ақпарат рас, - дейді ол.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылғанын айтты.

– Иә, шынында да, бұл факт болды. Ол биыл қаңтарда тіркелді. Біздің білуімізше, бүгін ата- анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша ювеналды сотта отырыс өтті, - деп түсіндірді ол.

Оқиға Павлодардағы №8 лицейде болған. Кейінірек қалалық мәслихат депутаты Гүлжайна Дәрімова кішкентай қыз ұлды осыған "өзі итермелеген" деп мәлімдеме жасаған.

Серіктес жаңалықтары