×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Қаңтар» оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полицейлер сотталды

19.03.2024, 16:46
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полицияның үш қызметкеріне үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеген.

Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді. Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Талдықорған соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде азаптау (Қылмыстық кодекстің 146-бабы) бойынша айыпталған бұрынғы төрт полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарған еді.

Серіктес жаңалықтары