Министрдің айтуынша, Қуандық Бишімбаев ортақ камерада жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Қуандық Бишімбаев шынымен де ерекше жағдайда, бөлек камерада отыр ма деген сұрақ қойылды.
Мен жоққа шығарамын, ол жалпы камерада, жазасын өтеушілермен бірге. Ешкімде ерекше шарттар жоқ. Барлығы заңға сәйкес. Барлығымен бірге отырады, - деді министр.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайтынын жазған болатынбыз. Сот талқылауы 27 наурызда басталады. Сотталушыларды қамауда ұстау мерзімі алты айға ұзартылды.