×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бишімбаевтың тағдырын алқа билер шешетін болды

12.03.2024, 19:58
Сот

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмады. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бишімбаев тарапы нені сұрайды

Бүгінгі алдын ала тыңдауда Бишімбаевтың қорғаушылары сотқа үш өтініш жолдады. Кеше төртеуін айтып үлгерген еді.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Нәзкен Құсайынова соттан Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың шоттары бойынша Қазақстанның барлық екінші деңгейдегі банктеріне сұрау жөнелтуді өтінді. Оның айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкенованың шотына ай сайын 5-6 млн теңге аударып отырған.

Адвокат Лейла Рамазанова соттан Нүкенованың компьютерлік технологиялары мен мобильді құрылғыларына сот сараптамасын тағайындауды сұрайды. Оның айтуынша, Нүкенованың телефонында хат-хабар бар. Ол хабар "мемлекеттік айыптаушының сөзін жоққа шығарып, Нүкенованың Бишімбаевқа деген қызғанышын көрсетеді-мыс".

– Нүкенованың Бишімбаевқа деген қызғанышын растайтын хат-хабарлар бар, онда Нүкенова Бишімбаевқа "ол әйелдерді үйіне әкеледі, сол үшін одан кететіні" жазылған, - дейді ол.

Адвокат Балашов сонымен бірге тергеу экспериментін жүргізу және куәгерлердің айғақтарын зерттеу жөнінде өтініш білдірді.

Еске сала кетейік, кешегі өтінішінде Бишімбаевтың адвокаттары соттан қылмыстық істің материалдарын "елеулі заңбұзушылықтарды жою" үшін прокурорға қайтаруды немесе қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Қорғаушы тарап оқиғалардың хронологиясын тергеу бұзды деп санайды. Ал Құсайыновтың адвокаты тергеу барысында жүйелі түрде ұрып-соғу фактілері дәлелденбегенін айтады. Қорғаушы Нүкенованың достарын Бишімбаевтың Салтанат жасаған ұрыстары туралы хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп есептейді. Қорғаушы тарап сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастауды және "қатігездікпен өлтіру" бабын "абайсызда өлтіру" бабына қайта саралауды сұрайды.

Нүкеновтердің талабы

Жәбірленушілердің адвокаттары Бишімбаевтың адвокаттарының барлық өтінішін қабылдамауды сұрайды. Ол тарап "абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша істі қайта қарауға негіз жоқ екенін мәлімдейді.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаевтың денсаулығы нашар деген сылтаумен камерадан шығудан бас тартқанын айтты. Алайда келген дәрігерлер Бишімбаевты тексеріп, оның денсаулық жағдайын қанағаттанарлық деп сипаттаған.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Жанна Оразбақова соттан аталған барлық өтінішті, сондай-ақ Бишімбаевтың адвокаттарының айтылған өтініштерін толығымен қабылдамауды сұрады. Оның пікірінше, айыпталушының адвокаттарының аталған сауалдары алдын ала сот тыңдауы барысында қаралмайды, істің осы кезеңі шеңберінде мәні бойынша қаралмайды. Оның бағалауы бойынша, істі прокурорға қайтаруға негіз жоқ.

Прокурордың сөзі

Іс бойынша прокурор “абайсызда өлтіріп алу” бабына істі өзгертудің негізі жоқтығын, Бишімбаев әйелінің басына көп соққы жасағанын айиады. Сонымен бірге, мемлекеттік айыптаушы сотқа дейінгі тергеу барысында елуден аса куәгерден жауап алынғанын, олар тікелей әрі жанама түрде Бишімбаев әдейі әйелін сабағанын айтқанын жеткізді. “Видеобақылау камерасының кадрлары Бишімбаевтың Нүкенованы саабап жатқаны анық көрінген” дейді ол.

Сот өтініштер бойынша қандай қаулы шығарды?

Судья Айжан Күлбаева Қуандық Бишімбаевтың алқа билерді қатыстыру жөнінде өтінішін қанағаттандырды. Сот істі "абайсызда өлтіріп алу" бабына өзгертуден бас тартты.

Сондай-ақ, судья Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы ұрып-соғу бейнежазбасын алып тастау, тергеу экспериментін жүргізу, Нүкенованың әкесіне психиатриялық сараптама тағайындау және тағы басқалар туралы қорғаудың өтінішін қанағаттандырмады. Бұл өтініштерді мерзімінен бұрын берілгенін айтты. Істі сотқа дейінгі тергеу деігейіне қайтаруға келіспеді.

Қорғаушылар осы өтінішхаттарды бас сот талқылауы барысында мәлімдеуге құқылы.

Бишімбаевтың ісі бойынша негізгі сот талқылауы 27 наурызда басталады. Процес алқа билердің қатысуымен өтеді. Сотталушыларды қамауда ұстау мерзімі алты айға ұзартылды.

Серіктес жаңалықтары