×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Айка тізімі»: Алматыда эскорт бизнесін ұйымдастырушы бойжеткен сотталып жатыр

Коллаж: Ulysmedia

Алматыда жезөкшелер үйін ұйымдастырды және заңсыз есірткі сақтады деп айыпталған қызға қатысты сот басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас көлік прокуратурасы М.А.А.-ға қатысты Алматы қаласы Әуезов ауданының сотына Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі 1-тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық істі жолдады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі (Бірнеше рет жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.

Олар бұрын "VIP сутенер" және Love Aika атымен танылған блогер Айка туралы айтылғанын растады. Ол 2023 жылғы 6 маусымда Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен ұсталды.

"Айка тізімі" деп аталатын тізім интернетте де тарады. Тізімде қазақстандық танымал тұлғалар, бизнесмендер, ірі қаржы институттарының қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен қауіпсіздік қызметкерлерінің есімі жазылған. Алайда кейіннен құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздері бұл тізімнің бар екенін жоққа шығарып, оның бопсалау үшін таратылған жалған ақпарат екенін мәлімдеді. 

Бұған қатысты Сәденов пен Есқараев не деді

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың атышулы «Айка» тізіміне байланысты сұраққа берген жауап берген болатын. 

Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс аяқталғаннан кейін ақпарат береміз, - дейді Ержан Саденов мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ журналистер Әділет министрі Азамат Есқараевқа да әйгілі «Айка тізімі» жайлы сұрақ қойды. Сөзге сараң министр бұл сұраққа келгенде де жарытып ештеңе айтқан жоқ.

Жезөкшелікті заңдастыру туралы мәселе көтерілген жоқ. Құпия ақпараттардың таралуына келсек, БАҚ-та жарияланғандай ішкі істер министрлігі тиісті жобаларды қарастырып жатқанға ұқсайды, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары