×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыру керек пе?» - министр жауап берді

26.12.2023, 11:01
Коллаж Ulysmedia

Әділет министрі Азамат Есқараевқа журналистер әйгілі «Айка тізімі» жайлы сұрақ қойды. Сөзге сараң министр бұл сұраққа келгенде де жарытып ештеңе айтқан жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Есқараев барлық мәселені ішкі істер министрлігіне итере салды.

“Жезөкшелікті заңдастыру туралы мәселе көтерілген жоқ. Құпия ақпараттардың таралуына келсек, БАҚ-та жарияланғандай ішкі істер министрлігі тиісті жобаларды қарастырып жатқанға ұқсайды”, – деді министр.

Бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Саденов те атышулы «Айка» тізіміне қатысты сұраққа жұтаң жауап берген еді.

«Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс аяқталғаннан кейін ақпарат береміз», - дейді Ержан Саденов мәжіліс кулуарында.

Тізімді кім таратуы мүмкін? Болжам бар ма? Бұл сұрақтарға жауап берген министр «болжам жоқтығын» айтады.

«Әлеуметтік желілерде осы ақпарат тарап кетті. Қызметтік тексеріс жұмыстарын бастап кеттік. Қазіргі таңда тексеріс жалғасуда», - дейді ол.

«Тізім жалған болуы мүмкін бе?» деген сұраққа берген жауабында Саденов сөзін қайталап, бәрін қызметтік тексеріске сілтеді.

Саденов “Айка тізімінің” таралуына полиция қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, оларды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұрғанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде «элиталық эскорт» қызметін ұсынғандар мен клиенттердің жеке деректері көрсетілген «Айка тізімі» шу туғызған еді. Атышулы тізімнен Қазақстанға танымал адамдарды көруге болады.

Серіктес жаңалықтары