×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ҚР СІМ Қазақстан Елтаңбасын шетелдіктерге ұнау үшін өзгерту бастамасын қатаң сынады

20.03.2024, 18:24
ҚР СІМ Қазақстан Елтаңбасын шетелдіктерге ұнау үшін өзгерту бастамасын қатаң сынады
Ашық дереккөзден

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Мәжіліс депутаты Еркін Әбілдің "Елтаңба шетелдіктер үшін түсініксіз" деген пікіріне реакция білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Брифинг барысында бүгін журналистер Айбек Смадияровтан СІМ-ге "шетелдік азаматтардан елдің мемлекеттік рәмізін түсінбейтіні жөнінде арыздар-шағымдар келіп түсті ме?” деп сұрады.

"Елтаңба – біздің символикамыз. Неліктен біз оны шетелдіктерге ұнау үшін өзгертуіміз керек? Мұндай өтініштер анық түспеді, ал егер бар болса, бұл нонсенс болуы мүмкін. Бұл қоғамда жетілген ішкі мәселе және сіз білетіндей, ол әлі де талқыланып юатыр. Бұдан әрі ішкі сұраққа түсініктеме бере алмаймын", - деп жауап берді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, ҚР СІМ өкілі халықаралық сапарлар барысында шетелдіктердің ешқайсысы Қазақстанның Елтаңбасына сын айтпағанын атап өтті.

"Шетелдік серіктестерге елтаңба немесе ту сізге ұнамайтынын айту – бұл моветон. Бұлай айтылмайды", - деп қосты ол.

Бұған дейін депутат Еркін Әбіл Елтаңбаны ауыстыру идеясын сынамауды ұсынған болатын. Оның пікірінше, Мемлекеттік Елтаңба тек қазақстандық үшін ғана емес, кез келген шетелдік үшін де қарапайым әрі түсінікті болуы тиіс.