×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Астанадағы альпинистердің қазасы: сот жұмыс берушіні кінәлі деп тапты

20.03.2024, 18:54
Фото: ашық дереккөз

Астана соты апатқа жұмыс берушінің кінәсі барын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Істің түйіні

2023 жылдың 12 қазанында Астанада жеке кәсіпкердің 21 мен 24 жас аралығындағы төрт жұмысшысы 9-қабаттан құлап кеткен. Олардың үшеуі қайғылы оқиға салдарынан көз жұмды.

Тергеу нәтижесі бойынша жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі бар екені анықталды.

Алайда арнайы тергеу актісімен келіспейтін жұмыс берушілер оны даулау үшін сотқа арызданған.

Соттың шешімі

Астана соттары жұмыс берушілердің шағымын қанағаттандырмады.

Талапкерлер еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды дұрыс жүргізбеген және құрылыс алаңының аумағында жұмысшыларға биік  жердегі жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасамаған, - деп атап өтті сот.

Соттар арнайы тергеу актiсiнiң қорытындысын заңды және негiзделген деп таныды.

Бұған дейін елордада төрт өнеркәсіптік альпинистің биіктіктен құлау оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.

Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, – делінген ПД таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары