×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Зерттеулер: Вакцина дельта-штамнан қорғамайды

31.10.2021, 08:43
Фото: ашық дереккөз

Коронавирусқа қарсы егілген адамдар COVID-19 дельта штамын таратады. Мұндай тұжырымды ғалымдар бір жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жасады, оның нәтижелері Lancet журналында жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Зерттеуге 2020 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың қыркүйегі аралығында Ұлыбританиядан келген 621 адам қатысты. Зерттеуге қатысушылардың барлығы бір сәтте жеңіл немесе симптомсыз коронавирусты бастан өткерген.

Зерттеушілер адамның мұрнындағы және тамақындағы вирус мөлшерінің өзгеруін ПТР-тесті арқылы өлшеген. Зерттеу жұмысына қатысушылар 14-20 күн бойы ПТР-тест тапсырып отырған.

Зерттеуге қатысушылар арасында 205 адам коронавирустың дельта штаммы бар науқастармен байланыста болғаны анықталды. Осы 205 адамның 53-і коронавирус жұқтырған. Бұл ретте дельта штамымен байланыста болғандардың 62%-ы толық егу циклынан өтті, 19%-ы вакцинаның бір дозасын алды, ал 19%-ы вакцинацияланбаған.

Вакцинаның екі дозасын алғандардың 25%-ы, егілмегендердің 38%-ы дельта нұсқасын жұқтырған. Сонымен қатар, альфа штамы үшін вакцинацияланғандармен байланыста болу жиілігі 40-50% төмендеген.

Ғалымдар толық вакцинацияланғандарда ауру тезірек өтетінін атап өтті. Сонымен қатар, олардың тыныс алу жолдарындағы вирустық бөлшектердің саны вакцинацияланбағандармен бірдей болған. Бұл, зерттеу авторларыны атап өткеніндей, толық вакцинацияланған адамдар вирусты  вакцинацияланбағандармен бірдей таратуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары