×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

БҰҰ Бас Ассамблеясы жасанды интеллект туралы тұңғыш қарарды қабылдады

БҰҰ Бас Ассамблеясы жасанды интеллект туралы тұңғыш қарарды қабылдады
Фото: Michael M. Santiago/Getty Images

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жасанды интеллектті реттеуге қатысты тұңғыш қарарды қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖИ-дің адамдарды басқаруына жол бермеу керек

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилдтің айтуынша, әлем елдері ЖИ-дің адамдарды басқаруына жол бермеу туралы шешім қабылдады.

Құжат бір күн бұрын, 21 наурызда қабылданған болатын. Оны Америка Құрама Штаттары ұсынды және 120 ел қосымша авторы болды.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд қарар барлық автоматтандырылған шешімдер мен оған қатысты процестер адамның бақылауында болуын қамтамасыз ету үшін күш салуды талап ететінін түсіндірді. Ол бүкіл әлем елдері «ЖИ-ді бақылауға шешім қабылдады және оның адамдарды басқаруына жол бермеді» деп атап өтті.

Құжат БҰҰ-ның барлық мүше мемлекеттері мен мүдделі тараптарды «халықаралық адам құқықтары туралы заңнамаға сәйкес пайдаланылмайтын немесе адам құқықтарын жүзеге асыруға негізсіз қауіп төндіретін ЖИ жүйелерінен бас тартуға немесе пайдалануды тоқтатуға» шақырады.

Адамдардың офлайн режимінде болған құқықтары да онлайн режимде, соның ішінде жасанды интеллект жүйелерінің бүкіл өмірлік циклінде қорғалуы керек, - деді БҰҰ.

Сондай-ақ қарар барлық мемлекеттерді, жеке секторды, азаматтық қоғамды, зерттеу ұйымдарын және БАҚ-ты «ЖИ-ді қауіпсіз және сенімді пайдалануға байланысты» тәсілдерді әзірлеуге және қолдауға шақырады.

Қазақстанда мемлекеттік қызмет ЖИ көмегімен көрсетіледі

Еске салсақ, Қазақстанда жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіледі. Үкіметтің тиісті қаулысы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Тұжырымдамаға сәйкес, биыл Үкімет ЖИ көмегімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 0%-дан 2029 жылға қарай 20%-ға дейін арттыруды көздеп отыр. Сонымен қатар ЖИ-ді ынталандыру үшін гранттық қаржыландыру көлемін 2 млрд теңгеден 2029 жылы 4 млрд теңгеге дейін кезең-кезеңімен ұлғайтуды жоспарлауда.