×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ресейдегі теракт: құрбан болғандар саны 115 адамға жетті

23.03.2024, 15:14
Фото: https://t.me/ostorozhno_novosti

Мәскеудегі Крокус Сити Холлда болған теракт салдарынан қаза тапқандар туралы жаңа мәлімет жарияланды. Қазіргі таңда 115 адам құрбан болғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпаратты Ресейдің Тергеу комитеті таратты.

Крокус Сити Холл концерт залында теракт болған жерде төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазарту жұмыстары кезінде тағы да қаза тапқандардың денесі табылды.

Қазір қаза тапқандар саны 115 адамға жетті. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Мәскеудегі теракт

22 наурызда қарулы лаңкестер "Крокус Сити Холл" концерт залына басып кіріп, "Пикник" тобының қойылымын тыңдауға келген адамдарға оқ жаудырды. Осыдан кейін ғимаратта жарылыстар естіліп, өрт шықты. Ресей тергеу комитеті (РТК) 60-тан астам адамның қайтыс болғанын әрі бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін хабарлады. РТК террористік акт туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кремль Ресей қауіпсіздік қызметі, ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі, росгвардия басшылары Владимир Путинге "Крокустағы" шабуылға қатысты тергеу барысы жөнінде баяндағанын хабарлады.

Бүгін таңға жуық "Крокустағы" шабуылдан зардап шеккендердің бәрі оқиға орнынан эвакуацияланғаны жөнінде ақпарат пайда болды. Тікұшақтар өртті сөндіру жұмыстарын аяқтаған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі теракттан қаза болған адам саны 93-ке жеткен.

Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі жұмыс істейді.

 

Серіктес жаңалықтары