×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Елордалықтар Ресей елшілігінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр

23.03.2024, 16:01
Фото: Ресейдің Қазақстандағы елшілігі

Елорда тұрғындары қаладағы Ресей Федерациясының елшілігіне гүл шоқтарын қойып, көңіл айту жазбасын қалдырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәскеудегі террористік актіге байланысты көңіл айтқысы келетіндер көбеюде. Сондықтан Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Көңіл айту кітабын ашты. Көңіл айту бұрышы Жұмабек Тәшенов көшесі тарапынан Елшіліктің консулдық бөліміне кіре берісте орналасқан, - деп хабарлады елшілік өзінің ресми сайтында.

Көңіл айту кітабы 23 наурыз сағат 18.00-ге дейін ашық болады.

Мәскеудегі теракт

22 наурызда қарулы лаңкестер "Крокус Сити Холл" концерт залына басып кіріп, "Пикник" тобының қойылымын тыңдауға келген адамдарға оқ жаудырды. Осыдан кейін ғимаратта жарылыстар естіліп, өрт шықты. Ресей тергеу комитеті (РТК) 60-тан астам адамның қайтыс болғанын әрі бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін хабарлады. РТК террористік акт туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кремль Ресей қауіпсіздік қызметі, ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі, росгвардия басшылары Владимир Путинге "Крокустағы" шабуылға қатысты тергеу барысы жөнінде баяндағанын хабарлады.

Бүгін таңға жуық "Крокустағы" шабуылдан зардап шеккендердің бәрі оқиға орнынан эвакуацияланғаны жөнінде ақпарат пайда болды. Тікұшақтар өртті сөндіру жұмыстарын аяқтаған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі теракттан қаза болған адам саны 93-ке жеткен.

Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары