×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Путин 20 сағат өткен соң Украинаны теракт үшін айыптады

23.03.2024, 18:43
Фото: Reuters

Ресей президенті Владимир Путин Украина Мәскеудегі Крокус Сити Холлда атыс ұйымдастырған лаңкестердің өтуі үшін «терезе» дайындағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен 20 сағатқа жуық уақыттан кейін Ресей Федерациясының президенті видеоүндеу жариялап, 24 наурызды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Ол бұл оқиғаны «жабайы» және «қанды» лаңкестік әрекет деп атады.

Лаңкестік әрекеттің төрт тікелей орындаушысы, адамдарды атып өлтіргендердің барлығы табылып, ұсталды, олар қашуға әрекеттеніп, Украинаға қарай жылжыды, онда, алдын ала мәліметтер бойынша, олар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өтге Украина жағынан терезе дайындалған, – деді ол.

Путин лаңкестік әрекетке қатысқандардың барлығы жазаланады деп уәде берді.

Қатысатындардың барлығы жазаланады. Олар кім болса да. Оларды кім басқарса да. Біз Ресейге шабуыл жасағандардың барлығын анықтап, жазалаймыз.

Біз халықаралық терроризмге қарсы күресте басқа елдермен күш біріктіруге дайынбыз. Біздің міндетіміз – бір қатарда болу. Бірлігіміз бен ерік-жігерімізді ешкім де, ештеңе де шайқалта алмайды, - деп қосты Путин.

Сонымен қатар бұған дейін Зеленскийдің кеңсесі ресейлік БАҚ-тағы бірқатар жарияланымнан кейін Украинаның терактіге еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

Мәскеудегі теракт

22 наурызда қарулы лаңкестер "Крокус Сити Холл" концерт залына басып кіріп, "Пикник" тобының қойылымын тыңдауға келген адамдарға оқ жаудырды. Осыдан кейін ғимаратта жарылыстар естіліп, өрт шықты. Ресей тергеу комитеті (РТК) 60-тан астам адамның қайтыс болғанын әрі бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін хабарлады. РТК террористік акт туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кремль Ресей қауіпсіздік қызметі, ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі, росгвардия басшылары Владимир Путинге "Крокустағы" шабуылға қатысты тергеу барысы жөнінде баяндағанын хабарлады.

Бүгін таңға жуық "Крокустағы" шабуылдан зардап шеккендердің бәрі оқиға орнынан эвакуацияланғаны жөнінде ақпарат пайда болды. Тікұшақтар өртті сөндіру жұмыстарын аяқтаған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі теракттан қаза болған адам саны 115-ке жеткен.

Серіктес жаңалықтары