×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мәскеудегі лаңкестік шабуыл: құрбандар саны өсіп жатыр

24.03.2024, 11:27
Фото: АГН «Москва»

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» ғимаратында болған теракт салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың саны артып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

​​Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі теракттан зардап шеккендер саны 152 адамға жеткенін хабарлады. Олардың арасында бес бала бар. 114 адам емдеу мекемелеріне жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Крокус Сити Холлдағы атыс құрбандар саны бойынша қазіргі Ресей тарихындағы ең ірі лаңкестік шабуылдардың біріне айналды.

Мәскеудегі теракт

22 наурызда қарулы лаңкестер «Крокус Сити Холл» концерт залына басып кіріп, «Пикник» тобының қойылымын тыңдауға келген адамдарға оқ жаудырды. Осыдан кейін ғимаратта жарылыстар естіліп, өрт шықты. Ресей тергеу комитеті (РТК) 60-тан астам адамның қайтыс болғанын әрі бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін хабарлады. РТК террористік акт туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кремль Ресей қауіпсіздік қызметі, ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі, росгвардия басшылары Владимир Путинге «Крокустағы» шабуылға қатысты тергеу барысы жөнінде баяндағанын хабарлады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі теракттан қаза болған адам саны 133-ке жеткен еді.

Серіктес жаңалықтары