×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда А гепатиті ауруына шалдыққандар көбейген

24.03.2024, 15:02
Қазақстанда А гепатиті ауруына шалдыққандар көбейген
Фото: biocor-tech.com

Былтырғымен салыстырғанда, биыл Қазақстанда А гепатитіне шалдыққандар саны 1,9 есеге көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жыл басынан бері елімізде 850 адам А гепатиті дертімен ауырған. А гепатиті лас су, бүлінген азық-түліктен және ауырған адаммен қол алысып амандасқанда жұғады, – дейді ДСМ өкілдері. 

Дәрігерлер сөзінше, А гепатитіне шалдыққан адамның ауырғанда екі апта және ауырып болған соң тағы екі апта айналасына жұқпалы дерт тарату ықтималдығы жоғары.    

Мамандар дене қызуының көтерілуі, лоқсу, бас ауыру, тәбеттің жоғалуы, әлсіреу – А гепатитінің белгілері екенін айтады.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 2 айда елімізде қызылша ауруы 38 пайызға төмендеген.

Бұл ретте қызылшамен сырқаттанғандарды тіркеу әлі де жалғасуда. Осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпенің болуын қадағалауы қажет. Вакциналау болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханада вакцина алуды ұсынамыз, – деп жазды министрлік.