×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Елімізде қызылша ауруы бойынша эпиджағдай тұрақталып келеді

24.03.2024, 11:40
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 2 айда елімізде қызылша ауруы 38 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қосымша иммундау шеңберінде вакциналауға жататын адамдардың 92 пайызы екпе алған.

Бұл ретте қызылшамен сырқаттанғандарды тіркеу әлі де жалғасуда. Осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпенің болуын қадағалауы қажет. Вакциналау болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханада вакцина алуды ұсынамыз, — деп жазды министрлік.

Сонымен қатар ведомство қызылшаның энцефалит (мидың қабынуы), өкпенің қабынуы, отит (құлақтың қабынуы) секілді асқынуларға әкеп соғатын қаупін еске салды.

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсайды: дене қызуы көтеріледі, жөтел және аурудың 4-5 күндері бөртпе пайда болады.

Қызылшаның алдын алудың жалғыз сенімді құралы – уақытылы вакциналау. Екпе 1-6 жас аралығындағы балаларға жүргізіледі. Вакциналау арқылы балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғай аласыз. Қазақстанда қызылшаға қарсы ДДСҰ сертификаттаған қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде вакцинадан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген, – дейді министрлік.

Қаңтар айында Қазақстанда қызылша дерті өршіп тұрғанын, әсіресе, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарында жағдай әлі де күрделі екенін жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары