×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстандық спортшылар семсерлесуден тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

24.03.2024, 16:35
Фото: ҰОК

Қазақстандық семсерлесушілер Олимпиада төрт бірдей лицензияны жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тбилисиде әлем кубогінің шешуші кезеңі өтіп жатыр.  Бұл бәсекедегі Қазақстанның басты қарсыласы саналған Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасына жол беріп, Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып қойды. 

Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. 

Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша, алғашқы төрт орында тұрған команда Олимпиадаға тікелей жолдама алады. Жапония сол төрттік қатарында Парижге бару мүмкіндігін алған соң, Азиядағы жалғыз лицензияға Қазақстан мен Оңтүстік Корея таласқан болатын. 

Тбилисидегі шешуші сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов төрттігі Олимпиадаға лицензия иеленді. Әлемдік ереже бойынша, командалық сынға бір, жекелей сында үш жолдама Қазақстан қоржынына түсті. 

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындары Парижде 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында, Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Ойындар әдеттен тыс салтанатпен ашылады: ол Сена өзенінен басталып, бүкіл Парижді басып өтеді. Паралимпиада ойындарының ашылуы әйгілі Елисей алаңында өтеді.

Қазақстан Парижге спорттың 8 түрінен 39 паралимпиадашыны жіберуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары