×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ресейдің QIWI-ден лицензияны алуы: қазақстандықтар ақшасын қайтара ала ма

25.03.2024, 12:34
Коллаж Ulysmedia

Қазақстанның Ұлттық банкі Ресейдің "Киви банкі" АҚ лицензиясын қайтарып алуының салдары жайлы позициясын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

QIWI Kazakhstan – Қазақстанның заңды тұлғасы, Қазақстан Ұлттық банкінде теңгемен төлем қызметтерін көрсететін, есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы мәртебесіне ие. 

"Киви банкі" - Ресей резиденті. Компания QIWI Kazakhstan серіктесі болды, ол арқылы ҚР-дағы клиенттер “Киви банктің" түрлі бизнес-серіктестерінің пайдасына төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

"Осылайша, QIWI Kazakhstan қызметі" Киви банктің " қызметіне тәуелсіз. Рубльмен теңгерімі бар электрондық әмиянды ашқан кезде ұйымның клиенттері жария оферта қабылдауы тиіс еді, оған сәйкес олар сервис ҚР юрисдикциясына жатпайтын “Киви банктің" клиенттері болды", – делінген хабарламада.

Рубльдегі балансы бар электрондық әмияндарға қызмет көрсету сервисі Qiwi Kazakhstan-ға жатпайды. “Киви банктің " өзінің тікелей құзыретіне жатқызылған рубльмен жекелеген операцияларды жүзеге асыру жөніндегі қызметіне әсер ету мүмкіндігіне ие емес.

"Қазіргі уақытта Qiwi Kazakhstan сервисі ұлттық валютадағы операциялар бойынша толық көлемде жұмыс істейді. Қазақстан Ұлттық Банкі қалыптасқан жағдайды мұқият қадағалап, төлем қызметтерін қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады", – делінген хабарламада.

Qiwi Kazakhstan Ресей Федерациясының салымдарды сақтандыру агенттігімен және “Киви банктің" уақытша әкімшілігімен рубльдегі балансы бар электрондық әмияндардан қаражатты қайтару бойынша келіссөздер жүргізуде.

"Киви банкі Ресейде тіркелген заңды тұлға болғандықтан, рубльдегі балансы бар электронды әмияндардан қалдықтарды төлеу тәртібі Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады", - деп түсіндірді Ұлттық банк.

QIWI лицензиясын қайтарып алу

21 ақпанда Ресей банкі Киви банкінен банк операцияларын жүзеге асыру лицензиясын алып тастады. Реттеуші өз шешімін банктің банк қызметін реттейтін заңдарды, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы заңдарды бұзғанымен түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары